MT4 жүктеу және қаржы нарығында сауданы бастау

MetaTrader 4 сауда терминалы – бұл ең күшті және танымал мультинарықты платформалардың бірі. Оның көмегімен Forex, CFD, Futures құрылғыларымен сауда жасауға, кестелерге техникалық сараптама жүргізуге, шынайы уақыт тәртібіндегі қаржы секторның маңызды жаңалықтарын алуға болады.

Forex те сауда бастау үшін сізге мыналар міндетті: сауда немесе демо есепшот ашу, браузерде іске қосу немесе құрылғыға MT4 терминалын жүктеп алу, платформаға кіру үшін есепшот ақпараттарын енгізу. AMarkets компаниясы метатрейдерлердің бірнеше түрлерін тегін ұсынады – Ресей аумағы, ТМД, Еуропа және Азия трейдерлеріндегі Windows, MAC OS, iOS және Android негізігде жұмыс жасайтын браузер және құрылғылар үшін.

Жеке трейдерлер МТ4 платформасын сала талаптарында әлдеқашан мойындады, сол себепті онда интуитивті түсінікті интерфейс пен қажетті құрылғылардың кең топтамасы мінсіз орындалады. Осылайша, саудадан бөлек, бұрын болған стратегияларды тестілеп, индикаторларды жазу және өңдеу, немесе автоматты трейдинг үшін скриптер, сараптамалық құрылғылар арқылы кестелердегі паттерндер мен фигураларды табу және көптеген тб осы сияқты іс әрекеттер орындай аласыз.

MetaTrader 4 мобильді қондырғылары десктопты версиядағы сауда және сараптамалық функцияларды іске асырады. Дегенмен,кеңесшілерді орнықтыру және тестілеу, дүкендерді қолдану, белгілерді сатып алу, сонымен қатар архивті котировкаларды жүктеу сынды мұндай опциялар әзірге мобильді қондырғыларда орнатылмаған.

MetaTrader 4 сауда платформаларының ерекшеліктері

Қаржы нарығындағы сауда операциялары MT4 терминалдарында екі түрлі ордерлер арқылы жүзеге асырылады: дәл сол уақытта орындалатын нарықтық орындаулар мен кейінге қалдырылғандар. Әр жүйені құрған кезде түскен пайданы анықтап, шығын өсімінің алдын алу үшін келісімдерде жабуға арналған Take Profit және Stop Loss деңгейлерін орнатып алуыңызға болады. Басқаларға қоса метатрейдерлерде Trailing Stop опциясы да бар. Ол актив тиесілі бағытта жылжып отырса, автоматты түрде Stop Loss деңгейін нарықтық бағадан бірнеше пункттіге алға жылжытады Тренд кері қарай бағыт алған жағдайда Stop Loss деңгейі өзгеріссіз қалады.

MetaTrader Форекстегі сауданы автоматтандыру үшін кең мүмкіндіктер ұсынады. Алгоритді трейдинг үшін мұнда кеңесшілер мен индикаторлар базасы ұсынылған. AMarkets те есепшот ашқаннан кейін, сіз біздің сарапшыларымызбен құрастырылған кеңесшілер кітапханасына тегін қолжетімділікке ие боласыз. Роботтандырылған көмекшілерді қолданбастан бұрын, сіз өз бетіңізше терминалда оларды тестіден өткізіп, олардың бұрынғы нарық белгілеріне қалай тиімді әсер етккенін бағалай аласыз. Егер сіз кеңесші жұмысын өңдеп немесе өз индикаторыңызды құрастырғыңыз келсе, метатрейдерлерде – MQL4 IDE (MetaQuotes Language 4 Integrated Development Environment) өңдемелер ортасы бар. Оған отладкаға арналған өңдеуші мен құрылғылар, сауда стратегияларын тестілеу мен жинақтау кіреді.

Ерекшеліктері мен артықшылықтары

  • Көптілді және интуитивті түсінікті интерфейс.
  • Шынайы уақыт тәртібіндегі жаңалық ағымы.
  • Жоғары дәрежелі икемділік, тиімділік және қауіпсіздік.
  • Дайын техникалық индикаторлар мен кеңесшілерді қолдану немесе оларды өз қалауыңыз бойынша жасау.
  • MQL4 көмегімен автоматтанған сауда.
  • Хеджирлеуді қолдау.
  • Нарықтаға жағдайларды хабарлап отыратын дауыс белгілерін орнату.
  • iPhone, iPad, сонымен қатар мобильді құрылғылар арқылы сауда жасау.
  • Әр түрлі уақыт интервалдарындағы қаржы құралдарын сараптау.
  • Шынайы уақыт тәртібінде ағымдағы котировкаларды экспорттау мүмкіндігі.
  • Ордерлерді орындаудың әр түрлі типтері.
  • AutoChartist белгілерін тегін қолдану мүмкіндігі.
Сауда платформаларының салыстырмалы кестесі.