AMarkets командасы

Халықаралық даму басшысы, басқару кеңесшісі

Майкл Мирачи

Майкл Мирачи – ірі банктер мен Уолл-Стрит интитуционалды дилерлерімен 10 жылдан астам тәжірибесі бар қаржы саласындағы нағыз кәсіпкер.

2008 жылдан бастап Майкл Нью-Йорктегі Deutsche Bank — DBFX бөлімшесінде даму Вице-президенті қызметін атқарды. 2010 жылы Майкл инвестиция саласындағы жобаларды дамытумен айналысқан Knight Capital Group компаниясына қосылды. Нәтижесінде ол Citibankта Margin Foreign Exchange бөлімшесін басқаруға шақырылды, ал 2013 жылы Майкл Prime Brokerage бөлімінің Вице-президентіне дейін көтерілді.

Нью-Йорктағы сәтті жұмысы кезінде Майкл қаржы әлемінде үлкен байланыстар желісін құрды, нәтижесінде Лондонға FCA лицензиясымен жұмыс жасайтын ірі ағылшын брокері ATC Brokers Ltd Бас директор орнына шақырылды.

Қазіргі таңда Майкл AMarkets халықаралық дамуын насихаттайды және компанияның басқару кеңесшісі болып табылады.

Майкл дипломды маман болып табылады және көптеген лицензияларға ие, оның ішінде АҚШ тағы 3, 63 және 7 сериялары, сонымен қатар Ұлыбританияда CF1, CF3, CF10/10a, CF11 және CF30. Ол сонымен қатар лицензиялау мен қаржы нарықтарын реттеу салалары маманы болып табылады, тағы қосымша көптеген қаржы институттарына өтімділік ұсынады, мысалы: банктер, өтімділік агрегаторлары және брокерлік компаниялар.

Қаржы директоры

Анатолий Голубев

Мансабын 2007 жылы Ларнактағы KPMG кипр бөлімінде аудитор болып бастады. Жұмыс барысында ол бірігу және сатып алу жұмыстарын жүргізді, аудит және энергетика, мұнай-газ және электронды коммерция саласындағы есеп беруді қайта құру бойынша жобаларды басқарды.

2010 жылы ірі халықаралық құрылыс компаниясына Danya Cebus қаржы директоры орынбасарының лауазымына ауысты. Оның міндеттеріне бухгалтерлік менеджмент, сегменттелген есеп беру, корпоративтік бақылау және KPMG-нің тоқсандық аудиті кірді.

2012 жылдан бастап Кипрдегі Fast Lane Ventures венчурлық қорында қаржылық бақылаушы ретінде жұмыс істеді. Бюджеттеуге жауапты, инвесторлар үшін инвестициялық модельдер құру және акционерлерге ай сайын есеп берумен айналысты.

2013 жылы Еуропадағы құрылыс химиясының ең ірі өндірушісі – Den Braven компаниясының сауда бөлімінің қаржы департаментін басқарды. Ол бизнес-үдерістерді оңтайландыруға, шығындарды бақылауға, салықтық жоспарлауға, сондай-ақ банктермен, қадағалау органдары мен аудиторлармен өзара әрекеттесуге жауапты болды.

ACCA – қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы халықаралық кәсіби сарапшылар қауымдастығының сертификатына ие.

Жетекші сарапшы

Артем Деев

2011 жылы Еңбек және Әлеуметтік қатынастар Академиясын әлемдік экономика және халықаралық қаржы мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірді.

Еңбек жолын 2008 жылы Юниаструм Банк АҚ-ның тәуекелдерді басқару бөлімінің менеджері ретінде бастады, онда клиенттердің мінез-құлық сипаттамаларын талдау, банктің өтімділік критерийлері бойынша әдістемелік негіз дайындау және нарықтық тәуекелдерді бағалау үшін стресс-тестілік сценарийлерді әзірлеуге жауапты болды.

2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін бірнеше ірі халықаралық қаржы компанияларының сараптамалық бөлімдерінде жұмыс істеді.

Артем БАҚ-та ең көп айтылатын сарапшылардың бірі болып табылады, үнемі радио мен телеарнаға түсініктеме береді және оның шолулары күнделікті экономикалық басылымдарда жарияланады. Ол бастауыштар және тәжірибелі трейдерлер үшін жұмыс үстелі құралы «Спекулятор әліпбиі» кітабының авторы. Жетекші инвестициялық семинарлар мен вебинарлар, қаржы конференцияларының тұрақты спикері.

Брокерлік және дилерлік қызметте қаржы нарығының сертификатталған маманы, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында және клирингте сауда ұйымдастырумен айналысады. FSFM 1.0, 2.0, 3.0 және 5.0 сериясының сертификаттарына ие.

Бос уақытында қытай тілін үйренеді және саяхаттағанды жақсы көреді.

Дилинг бөлімінің басшысы

Николай Гусев

Николай қаржы нарықтары саласында 12-жылдан астам жұмыс тәжірибесіне ие.

2005 жылы өз еңбек жолын Куала-Лумпурдағы ірі халықаралық брокерлік компанияның дилинг департаментінде бастады. Николайдың міндетіне компаниядағы контрагенттер мен клиенттермен әрекеттесу, тәуекелдерді басқару рәсімдерін сақтау кірді. Кейінірек Николай жетекші дилерге көтерілді.

АМarkets ке келгеннен бері Николастың басшылығымен NDD (No Dealing Desk) клиенттерінің сауда тапсырыстарын, тікелей ірі маркет-мейкерлерге (Deutsche Bank, HSBC, JPMorgan Chase) тапсыратын алдыңғы қатарлы сауда технологиясы енгізілді, ол ордерлерді орныдаудың кедергісіз жылдамдығынақол жеткізді. Бұдан басқа, Николай кәсіби делдалдар тобын тәрбиелеп, сауда құралдарының тізімін айтарлықтай кеңейтіп, бірнеше сауда алаңдарын ұсынды.

Ішкі бақылаушы

Василиса Мараш

Мәскеу Банк Институтын Банк ісі, Қаржы және Несие мамандығы бойынша үздік бітірді.

2010 жылы ол Societe Generale халықаралық қаржылық тобында клиент менеджері лауазымында бастады, уақыт өте келе оның міндеттері клиенттердің төлем қабілеттілігін талдауды қамтиды.

2012 жылдан бастап Газпромбанкте өзінің мансабын клиенттердің кредиттеу және несиелік қабілеттілік талдауы бойынша жетекші клиент менеджері ретінде жалғастырды, мұнымен қатар банктің инвестициялық өнімдерін сатумен айналысады.

Сарапшы

Николай Корженевский

Николай Корженевский – қазір өзі дәріс беріп жүрген және диссертация жазып жатқан Жоғары экономика мектебін бітірді.

Еңбек жолын 2007 жылы қаржы журналисті ретінде РБК TV телекомпаниясының алғашқы іскерлік арнасында бастады, уақыт өте келе «Нарықтар» және «Инвестор әліпбиі» бағдарламаларын жүргізді. 2010 жылы ол «Ресей 24» федералдық арнасына көшті, онда «Экономика. Күндізгі курс» бағдарламасының авторы және жүргізушісі болды. Теледидармен қатар, 2012 жылы Газпромбанк сараптама бөлімін басқарды.

Николай валютаның және қор нарығының үздік сарапшыларының бірі деп есептеледі. Өз болжамында ол макроэкономикалық жағдай мен саясатты талдауға назар аударады, оның шолуларын көбінесе жетекші Интернет арналары және баспа басылымдарынан табуға болады.

ННиколай Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумның тұрақты қатысушысы болып табылады, онда ол мемлекеттердің және ақша-несие органдарының бірінші тұлғалары, атап айтқанда, Еуропалық Орталық Банкінің басшысы Марио Драги, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард және басқалармен араласады. Соңғы бес жыл ішінде ол хедж-қорды сәтті басқарады.

Ағылшын және қытай тілдерінде еркін сөйлейді. Бос уақытында үлкен теннис, ауыр атлетикамен айналысады және саяхаттағанды ұнатады.