AMarkets үздік ПАММ басқарушыларына $1 000 000

AMarkets үздік басқарушы-трейдерлердің дәрежелерін ашады.

Қаржы нарықтарында тұрақты табыс әкелетін сауда стратегияларының болуы – жоғары кәсіби статус белгісі. Ал мұнымен қоса ПАММ-есепшотыңыз болса, бұл сіздің деңгейіңізді көтереді. Бұл Сіздің жетістіктеріңіздің басқалардың алдында маңызды екенін көрсете келе, олар сізге сенім артады және сізбен табысының жемісін бөлгісі келеді.

AMarkets компаниясы сізге дәрежелеуге қатысуға ұсыныс жасайды. Оның барысында үздік басқарушыларды анықтаймыз және $1 000 000 көлемінде жеке капиталымыздан инвестиция саламыз.

AMarkets инвестициялар алу үшін бар болғаны – күнтізбелік бір ай ішінде бірқалыпты тәуелділікте ең жоғары табысыңызды көрсете отырып, өзіңіздің кәсібилігіңізді көрсету. Стратегиялары компания сайтындағы жария рейтингке кіретін, дәрежелеудің барлық талаптарын сақтайтын барлық ПАММ басқарушылар қатысушы бола алады.

AMarkets инвестициялық капиталы келесі ретпен бөлінеді:

  • 1 орын: басқарушының жеке қаражаты көлемінен 10 есе асатын инвестициялар және басқарушының жеке қаражатына $1000.
  • 2 орын: басқарушының жеке қаражаты көлемінен 7 есе асатын инвестициялар және басқарушының жеке қаражатына $1000.
  • 3 орын: басқарушының жеке қаражаты көлемінен 5 есе асатын инвестициялар және басқарушының жеке қаражатына $1000.

AMarkets рейтингінің барлық жұмыс істейтін ПАММ басқарушылары саралауға қатысады.

Егер сізде ПАММ-есепшот болған болса, онда ПАММ-басқарушылар рейтингінде өз нәтижелеріңізді бақылай аласыз.

AMarkets ПАММ-сервисінде стратегияңыз әлі жоқ болса, басқарушының есепшотын ашыңыз, сонда сіз автоматты түрде саралау қатысушысы боласыз.

 

 

AMarkets ПАММ-басқарушыларын саралаудың негізгі шарттары:

  • Қатысушы жеке кабинетте тексеруден өтуі тиіс.
  • Әр ай сайын компания есепшоттарына айтарлықтай қаражат инвестициялайтын үш үздік трейдер анықталатын болады.
  • Бір басқарушыға салынатын инвестициялардың ең үлкен мөлшері $50,000 құрайды және $1000 басқарушының капиталына қосымша жүреді.
  • Инвестициялар көлемі басқарушының есептік кезеңіндегі жеке капиталының ең аз мөлшерімен анықталады:
    1 орын: басқарушының жеке қаражаты көлемінен 10 есе асатын және басқарушының жеке капиталына $1000.
    2 орын: басқарушының жеке қаражаты көлемінен 7 есе асатын және басқарушының жеке капиталына $1000.
    3 орын: басқарушының жеке қаражаты көлемінен 5 есе асатын және басқарушының жеке капиталына $1000.
    Мысалы:
    Егер жеке капиталы $3000 болатын стратегия ең жоғары нәтижеге жетсе, онда инвестициялар көлемі $30000 құрайды, сондай-ақ басқарушының жеке капиталы $4000 дейін көбейеді.
  • Күнтізбелік ай ішінде ең максималды шекте 30% дейін барынша жоғары табыс көрсеткен, сондай- ақ компанияның инвестициялық комитеті бекіткен трейдер ең үздік басқарушы болып саналады.
  • Aй қорытындысы бойынша табыс 10% кем болмауы тиіс, ал есепшоттағы сауда белсенділігі 7 күннен кем болмауы тиіс.
  • Басқарушы рейтингінде стратегиялардың саны түрліше болуы мүмкін.
  • Конкурс барысында басқарушы түскен кірісті шығара алады және ПАММ-сервистің барлық қызмет түрлерін шектеусіз қолдана алады.
  • Басқарушы аккаунты ең басында Жеке кабинетте amarkets.org.сайтында тексерілуі тиіс.
  • AMarkets қорының инвестициялары бір басқарушыға оның рейтингінде басқарып отырған стратегиялары санына қарамастан бір реттен артық шығарыла алмайды.
  • Инвестицияларды ең үздік басқарушыларға салу 1 миллион доллар көлеміндегі инвестициялық қор таусылмайынша жүргізілетін болады.

AMarkets инвестициялық қорын басқарудың негізгі шарттары:

  • AMarkets инвестицияларынан басқарушыға сыйақы кірген кірістің 20% тең. Басқа инвестициялардан сыйақы мөлшерлемесі басқарушының офертасына сәйкес болады.
  • AMarkets инвестицияларды 3 айдан бастап орналастыруға кепілдік береді.
  • Егер барынша рұқсат етілген шек 30% асса, басқарушы автоматты түрде компания қаражаттарын басқарудан алынып тасталады.
  • Компания кез келген уақытта саралауға қатысушыларға алдын ала ескертусіз саралауды тоқтатуға, инвестиция салу мерзімдерін өзгертуге, жалпы саралау шарттарын өзгертуге құқылы.