Сұрақтар мен жауаптар

RoboX сауда платформасы

RoboX деген не?

RoboX – сауда алгоритмдерінде құрылған пассивті инвестиция мен алготрейдингке арналған арнайы сауда платформасы. RoboX платформасы мыңдаған портфельдерді сараптап, сіздің сұраныстарыңызға сәйкес келетіндерін таңдайды. Форекс брокер AMarkets біріншілердің бірі болып клиенттеріне алгоритмдік сауда жасауға арналған инновациялық қызметке қол жетімділік ұсынды.

RoboX-тағы инвестиция салуға арналған минималды сомма қанша?

Сіз портфель таңдай алатын минималды қаржы соммасы $100 тең, дегенмен, дұрыс қауіпті басқаруды ескергендегі сомма $500.

Инвестиция салуға қол жетімді портфельдерді қалай көрсе болады?

1. AMarkets-те RoboX сауда есепшотын ашыңыз.
2. RoboX сауда платформасын іске қосыңыз және кіруге қажетті ақрараттарды енгізіңіз.
3. Сауда платформасының интерфейсінде келесі ақпараттарды көрсетіңіз: сауда мақсаты және сауда стратегиясы.
4. Нәтижелер тізімінде сіз енгізген өлшемдерге сай келетін портфельдерді көресіз.

Платформаны ПК және/немесе мобильді құрылғыға жүктеуге болады ма?

AMarkets -тегі RoboX сауда платформасынаөту браузерде ашылатын веб терминал арқылы жүзеге асырылады. Веб терминалға кіру үшін сілтемені пайдаланыңыз. Android смартфондары үшін RoboX мобильді версиясын Google Play арқылы келесі сілтемеден жүктеуге болады: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.tradency.AMarkets&hl=ru

Қалай қосылып RoboX қолдануды бастауға болады?

1. Сізге AMarkets жеке бөлмесіне тіркелу міндетті.
2. Жеке бөлмеңізде RoboX шынайы есепшотын толтырыңыз.
3. Жеке бөлмедегі сілтеме бойынша RoboX платформасының веб-терминалына кіріңіз.
4. RoboX интерфейсінде жоғарғы оң жақ бөлігіндегі «Кіру» батырмасын басыңыз.
5. Егер парқшаға бірінші рет кірген болсаңыз, пайда болған формадағы ақпараттарды толтыру үшін «Әлі тіркеу жазбасы жоқ» мәзірін таңдаңыз, әрі қарай егер брокерде сауда есепшотын ашқан болсаңыз «Сауда есепшоты бар» мәзірін таңдау керек, кез келген электронды пошта мекен жайын енгізіп (электронды пошта платформаға келесі кіру үшін қолданылады), AMarkets тегі сауда есепшоты мен құпия сөзді енгізіп, «Тіркелу» батырмасын басыңыз.
6. RoboX қызметін пайдалану келісім шарттарын қабылдап, AMarkets есепшотымен RoboX аккаунтының сәтті жүзеге асуын күтіп, инвестиция салуды бастаңыз.

RoboX-қа кірдім, неге өз қаржыларымды көрмеймін?

Тіркелу сәтті өткеннен кейін RoboX ты брокерге қосу керек. Ол үшін пайда болған жолақшада «Өтінемін, өз тіркелу жазбаңызды брокермен байланыстырыңыз» пернесін басу қажет. Пернені басқаннан кейін жаңа терезе шығады, онда компанияда ашқан сауда есепшоты нөмері мен сіздің электрондық поштаңызға жіберілген құпия сөзді енгізу керек.

Портфельді қоспас бұрын, ол туралы қандай ақпаратты біле аламын?

Қандай да бір портфель таңдамас бұрын, сізге келесі ақпараттарға қол жетімді:
1. Портфель ашылған сәттен бастап табыс/шығын көрсеткіші.
2. Пайызбен көрсетілген қауіп деңгейі.
3. Портфельді қолдануға арналған ұсынылған депозит көлемі.
4. Сауда жүргізілетін қаржы құралдары.
5. Портфельдің ағымдағы белгілері.
6. Портфель ашылғаннан кейінгі сауда белгілерінің тарихы.
7. Портфельдің пайда болған күнін, ондағы сауда құралдарының санын, жабылған келісімдердің жалпы санын және портфельдің жаңарту кезеңін біле аласыз.

Жаңа портфельді қосқан кездегі «Портфельдің ағымдағы белгілерін орындау» нені білдіреді?

Егер сіз «Портфельдің ағымдағы белгілерін орындау» қарсысына белгі қалдырсаңыз, жұмыс жасап тұрған портфельдің ағымдағы ұстанымдары сіздің есепшотыңызда нарықтық бағада бірден ашылады. Белгіні алып тастау портфель жұмыс ұстанымдарын ашпайды, сіздің есепшотыңызды ашу үшін сәйкес белгілерді күтеді деген сөз.

RoboX-те қалай портфель таңдауға болады?

Ең алдымен стратегия таңдап, сауда портфелін іске қосыңыз. Сіз «Минимиу шығындар» немесе «Максимум табыс» сауда әдістерін қолдану арқылы өз стратегияңызды таңдай аласыз.

Әрі қарай қауіп дәрежесін (сауда есепшотының жұмыс жасауы) ескере отырып стратегия таңдаңыз:
— «Сенімді» сауда (қауіп пен табыстың төмен деңгейі).
— «Мардымды» сауда (қауіп пен табыстың орташа деңгейі).
— Агрессивті сауда (қауіп пен табыстың жоғары деңгейі).

Осылайша сіз депозит көлемі, қаржы артықшылығы мен өз мінезіңізге (уақытша төмендеулерге салқын қандылық танытасызба немесе өз шығындарыңызды максималды түрде шектейсізбе) қарай 6 сауда стратегиясын таңдауға құқылысыз. Сауда портфелін таңдағаннан кейін жүйе автоматты түрде портфельдің стратегиясына сүйене отырып ұстанымдарды ашып, жауып отырады.

Robox-та қалай келісім ашуға болады?

Сізге өзіндік келісімдер ашу міндетті емес. Платформа автоматты түрде жұмыс істейді және сіз таңдаған стратегияға сай келісімдер жасап отырады.

Келісімдер ашуды басқара аламын ба?

Ия, RoboX келісім ашудың 3 түрін таңдауға мүмкіндік береді:
1. «Автоматты түрде» – жүйе ұстанымдарды сіздің растауыңызсыз өзі ашып, жауып отырады.
2. «Растау арқылы» – жүйе келісім ашу үшін сізге сұраныс жібереді, сіз оны растап, не шегеріп тастасаңыз болады. Бұл портфель жұмысының нашарлауы мен қтініштерді жоғалтуға алып келуі мүмкін екеніне назар аударыңыз.
3. «Тоқтата тұру» – жаңа ұстанымдарды ашу бұғатталып отырады. Ескілерін жабу портель баптауларына сай жүзеге асып отырады.

Шығындарымды шектесем болады ма?

Ия, ол үшін «Есепшотты бақылау» Guard қызметі бар. Баптауларда орнатылған «Есепшотты бақылау» (Guard) қызметінде көрсетілген соммаға баланс жеткен кезде, ағымдағы барлық ұстанымдар жабылады, ал Guard қызметі белсенді емес болады. Дегенмен портфельмен қосылған келесі белгілер ашыла береді. Қосымша, сіз электронды поштаңызға Guard қызметінің жұмысы қосылғаны жайлы хабарлама аласыз. Guard соммасы қаржы соммасына емес, ұстаным жеткен кезде жабылатын қаржыға тең екеніне назар аударыңыз. Яғни, егер ұстанымды ашу кері теңселіп тұрған қаржы нәтижесін көрсететін болса, ол stop out болуы мүмкін, ол кезде Guard қызметі жұмыс жасамайды.

Үлгі: Сіздің балансыңыз $1000 құрайды, сіз көшіруге арналған портфельді таңдап, $900 қою арқылы «Есепшотты бақылау» Guard қызметін белсенді етесіз. Қаржы құралдарының кері дұрыстау кезінде портфельді іске қостыңыз делік, робот оның алдында $120 шығынға ұшыраған ашыұ ұстанымдардың бір бөлігін жапты. Сәйкесінше, есепшоттағы баланс $880 жеткен кезде, Guard қызметі басқа қалған ұстанысдарды да жауып, таңдалған портфельдерді істен шығарады, одан кейін сіздің электронды поштаңызға Guard қызметі жұмыс жасады деген хабарлама келеді.

Сауда жасауға бірнеше портфельдер таңдауға болады ма?

Ия, сіз әр түрлі стратегиядан бірнеше сауда портфелін таңдай аласыз.

Өз есепшотыңыздағы жабық ұстанымдарды қалай көрсе болады?

«Жабық ұстанымдар» мәзірін таңдаңыз. Сіз өз ыңғайыңызға сай уақытта сауда портфельдері бойынша есептерді топтап немесе тоаптамауыңызға болады. Есепті сауда платформасында көруге болады және Excel форматында экспорттай аласыз. Excel файлда кең ақпарат ұсынылады: сіз ұстанымдардың ашу не жабу бағасын, сонымен қатар олардың жұмыс жасаған уақытын біле аласыз.

Өз есепшотымның ашық ұстанымдарын қалай көрсем болады?

Ашық ұстанымдарды көру үшін, «Ашық ұстанымдар» мәзіріне өтіңіз. Ашық ұстанымға қатысты ақпараттарды Excel форматында жүктеп, құрал атын, бағасын және ұстанымның ашылу уақытын көре аласыз.

Ұстанымдарды өз еркіммен аша аламынба?

Ия, сіз жұмыс жасап тұрған ордерлерді жаба аласыз.
«Ашық ұстанымдар» мәзіріне өтіңіз. Оң жақта «Ұстанымды жабу» батырмасын көресіз. Сіз бүкіл портфельді не әр ұстанымды бөлек жаба аласыз.
Портфельдегі тек бір ұстанымды жабу үшін ашық ұстанымдар тізімін алу үшін портфель атын басыңыз. Ұстанымды таңдап, оң жақтағы «Ұстанымды жабу» батырмасын басыңыз.

Егер ұстанымдардың ашылуы мен жабылуын бақылап отырғым келсе, хабарламалар қайда келіп отырады?

Хабарламалар электронды поштаңызға келіп отырады. Электронды поштаның қосымша мекен жайын «Тіркеу жазбасының баптаулары», әрі қарай «Хабарламалар» пернелерін басу арқылы қосуға болады.

Ашық ұстанымдар бар кезде сауда портфельдерін өшіре аламын ба?

Ия, ағымдағы сауда портфелін өшіре аласыз. Откройте раздел «Мәлімет» бөлімін ашып, портфель есімінің үстін басыңыз, портфель жайлы ақпарат соңында «Портфельді өшіру» батырмасын басыңыз. Мұндай жағдайда платформа сізге таңдау ұсынады: өшіріп жатқан портфельдің барлық ашық ұстанымдарын жабу не оларды ашық қалдыру. Егер ұстанымдарды ашық түрде қалдырсаңыз, олар стратегия белгілері бойынша жабылып отырады.

Robox қызметі көмегі арқылы инвестиция салған жағдайда қанша комиссия ұсталады?

RoboX қызметін қолдану үшін лоттан $15 комиссия ұсталады.