AMarkets-тен ПАММ-есепшоттар

Бүгінгі таңдағы аз тәуекелді тұрақты пайда табу көзі Форекстің ПАММ есепшоттарына инветиция салу. Оның мәні келесіде: табысты трейдер басқарушыға арналған ПАММ есепшот ашады, онда инвесторлар өз капиталдарын аударып, трейдер оларды нарықта саудалап, инвесторлар үшін қаржы табады, ал өзіне жалпы табыстың үлесін алады – яғни, еңбек ақысын.

Мұндай инвестиция форматы соңғы жылдары бірнеше себепке байланысты өзін жақсы жарнамалады:

  • Инвесторларға жылжымайтын мүлікке, не банкке салым салғаннан гөрі аз уақыт ішінде жоғарғы табыс табуға мүмкіндік береді.
  • Жеткілікті тәжірибе, жинақталған білім және валюта мен мұнайды өзі саудалауға жеке уақыты жоқ, енді бастаған инвесторларға сай келеді.
  • Сенімді басқару құралдарынан айырмашылығы, инвестор басқарушының табыс стратегиясы динамикасын онлайн тәртібінде бақылап отырады және кез келген уақытта капитал көлемін өзгертуге не толығымен қаржысын шығарып алуға құқылы.

Форекс ПАММ есепшоты қалай жұмыс істейді

Оның негізінде PAMM технологиясы жатыр ( ағыл. Percent Allocation Management Module) — бұл ПАММ есепшотта сауда жүргізетін трейдерлерге инвестор арқылы қаржыны қауіпсіз аударуға мүмкіндік беретін пайыздарды бөлуді басқару технологиясы. Басқарушы өз капиталы мен инвестор қаржыларын қолданып сауда жасайды, ал сауда барысында алынған табыс пен шығын автоматты түрде төлем салған қатысушылар арасында пропорционалды түрде бөлінеді.

Открыть ПАММ счет инвестора в AMarkets

УБасқарушы трейдер өз кезегінде табысты саудаға қызығады, себебі ол ПАММ есепшотқа өз қаржысын инвестициялайды. Капиталдың үлкен көлемі басқарушы үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады және ол үшін әр инвестордың маңызы зор. Мұндай екі еселік мотивация мен өз атын жақсартуға ұмтылу басқарушының белсенді қызмет етуіне жол ашады, себебі табысты саудаға толы тарихы оған дамуға және саудаға үлкен көлемдегі депозиттер тартуға көмектеседі.

Форексте ПАММ есепшот ашу және басқарушыны таңдау

Инвестордың ПАММ есепшотын ашу үшін сізге AMarkets сайтында тіркеуден өту қажет. Содан соң сіз жеке бөлмеңіз бен инвестициялық есепшотқа толығымен қол жетімділікке ие боласыз, онда сіз стратегия мен портфельдер конструкторларын қолданып, өзіңіз таңдаған стратегиялар бойынша статистиканы бақылап, өз инвестицияңызды басқара аласыз.

Қауіптер жайлы ескертулер:

  • Басқарушының алдыңғы кезеңдерде табысты табуы, келесі кезеңде де табысты болуға кепілдік бермейді.
  • AMarkets Онлайн-брокер инвесторлар мен басқарушылар үшін ПАММ-есепшоттар ұсына отырып, сенімді басқару тараптарының ешқайсысына жатпайд.
  • AMarkets брокер ПАММ-есепшоттарға инвестиция салатын клиенттердің қаржыларын басқармайды және оларды басқаруға қатыспайды.