Клиенттік қаржының сақталуы

AMarkets компаниясында есепшот ашып, өз қаржыңыздың сақталатынына толығымен сенсеңіз болады.

1. Барлық клиенттік қорлар компанияның жеке капиталынан бөлек шоттарда сақталады.

2. Біздің клиенттеріміздің қаржылары әр түрлі диверсификацияны және геосаяси тәуекелдерді жоюды қамтамасыз ететін бірнеше мемлекеттердің жетекші банктерінде сақталады.

3. AMarkets өз клиенттерінің қаражаттарын өз саудасына, сондай-ақ хеджирлеу операцияларын жүргізуге қолданбайды.

4. Келісімдерді нарыққа шығару үшін біз, өз кезегінде оларға табысталған қаржыны Barclays, Citi және Deutsche Bank сынды банктерде сақтайтын әлемдік деңгейдегі прайм-брокерлермен ғана жұмыс жасаймыз.

5. AMarkets қаржы компаниясы брокерлік компаниялар жұмысын бақылауды, сонымен қатар тәуелсіз сот арбитражының қызметін атқаратын, тіркелген Financial Commission мүшесі болып табылады. Компанияның әр клиенті AMarkets тарапынан Комиссия талабы бойынша клиенттің қаржы талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайда Комиссияның сақтандыру қорымен $20 000 дейінгі соммаға сақтандырылған.

6. AMarkets клиентінің есепшоты бойынша теңгерімсіздік маржиналдық қауіпсіздік талап етілетін деңгейден төмен болған жағдайда компания автоматты түрде позициялардың жойылуын жүзеге асырады. Бұл клиенттің есепшоттағы теріс қалдықтан қорғау үшін қолданылатын өте маңызды шарты. Осылайша, егер нарықтың ерекше жағдайларына байланысты клиенттің есепшоты балансы теріс аймаққа кетіп қалса, есепшот балансын $ 0-ғе дейін қалпына келтірілуіне кепілдік береміз.